Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяси реформа

c 19:13, 25/02/2021 c 595

0:00 / 0:00

Елде қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиғаның бірі –ауыл әкімдерінің сайлауы болмақ. Ағымдағы жылдың тамыз-желтоқсан айларында  800 жуық ауыл әкімінің сайлауы өтеді.  Сондай-ақ, 2024 жылы аудан әкімдерін сайлау жүзеге аспақ. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мәлімдеді. Ауылды дамыту барысында,ауылға мамандарды тартып, оларды баспанамен  қамтуда бизнестің белсенділігін арттыруды ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және медициналық оқу орындарында оқитын студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды. Президент қоғамды алаңдатқан жер мәселесіне нүкте қойды. Жер шетелдіктерге сатылмайтын болды.

Онлайн түрде өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында ауылды дамытуға басымдық берілді. Жастарды ауылға тарту мақсатында жұмыс беріп, баспанамен қамту басты мәселе болып тұр.  Құлдырап қалған ауылды көтеру үшін, тұрмыстық сапасын жақсарту қажет дейді Президент. Ол өз кезегінде ауылдық жерлерде тұрғын үй мәселесін шешу үшін кәсіпкерлерді тартуды ұсынды.

Президент  Үкіметке биылғы жылдың екінші жартысынан бастап осы ұсынысын жүзеге асыруды жүктеді.Ал ауылдың жағдайын жақсарту үшін мықты басшы қажет. Бұл орайда ауыл халқына әкімін сайлауға мүмкіндік беріліп отыр. Биыл елде 800 жуық ауыл әкімінің сайлауы өтеді. Ал 2024 жылы аудан әкімдерін сайлау науқаны болмақ.

Қазақстандықтарды алаңдатқан жер мәселесіне нүкте қойылды. Президент қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайтынын тағы айтты.

Тоқаев бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырды. Комиссияның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшылар кірмек. Ал Үкімет ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша түбегейлі байлам жасауы тиіс. Ең бастысы халық  комиссия жұмысынан хабардан болуы керек деді Президент. Сондай-ақ, кеңес отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасау айтылды.  Барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы тиіс деді. Пандемия медицина қызметкерлеріне деген сұранысты арттырды. Мемлекет басшысы дәрігерлікке оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды.Маңызды мәселенің бірі адам құқығына қатысты сөз қозғалды. Тоқаев адам құқығын сақтауды бағалайтын индикаторды енгізуді тапсырды. Президенттің айтуынша, адам құқығы бойынша БҰҰ әзірлеген 14 жаһандық индикатор бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.