Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяси партияларды тіркеу заңын өзгерту керек

c 09:46, 09/06/2021 c 639

0:00 / 0:00

Әділет министрлігінің тіркеуінен өте алмай жүрген саяси партиялардың мүшелері партияларды тіркеу заңына өзгеріс енгізуді талап етеміз деп отыр. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы экс- депутат Нұржан Әлтаев жетекшілік ететін «El tiregi» әділет министрлігінің батасын ала алмай, партия ретінде тіркеуден өте алмай жүр. Партияның  тіркеу туралы өтініші жеті рет кері қайтарылды.

Әдетте өздерінің саяси көз қарасын білдіру үшін, елдегі сайлаулардан үмітті саяси партиялар науқан кезінде белсенділік танытады. Бүгінде  Қазақстанда ресми тіркеуден өткен 6 партия бар. Бесеуі  мәжіліс пен маслихат сайлауына қатысып, үшеуі ғана тиісті дауыс жинап, Парламент төрінен орын бұйырғанды. Сайлау барасында өзін оппозициямыз деп жариялап жүрген партия тіптен бас тартқаны есімізде. Алайда бұл науқаннан тіркеле алмай жүрген партиялар құр қалды.  Өткен жылы Мәжілістегі жылы орнын қиып, «El tiregi» партиясын құрып, баламалы үкімет жасақтаймын деп жар салған экс-депутат Нұржан Әлтаевтың Әділет министрлігіне реніші қара қазандай. Министрлік «El tiregi» партиясын, құрамында өлген адамдардың тізімі жүр деп тіркемей қойғанды. Осылайша министрлік аталмыш партияның тіркеу туралы өтінішін жеті рет кері қайтарды. Алайда, тіркелмеген партия серкесі министрліктің бұл жауабымен келіспейді, тіпті соттастым дейді.

Әділет министрлігінің батасын ала-алмай жүрген «Алаш»  партиясы бірлесіп, елдегі саяси партияларды тіркеу заңына өзгеріс енгізу қажет дейді.

Не керек, елдің саяси өміріне араласып, өзін мойындатқысы келетін, бірақ партия ретінде тіркеле алмай жүрген күштер бұл жанайқайымызға құлақ аспаса, наразылық шеруіне шығамыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.