Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сауда үйлерінде тексеріс басталды

c 17:10, 04/04/2018 c 755

0:00 / 0:00

Сити центр сауда ойын - сауық кешенінде төтенше жағдай жарияланып, орталықтағы халыққа дереу хабарлама айтылды. Өрт жөніндегі хабар арнайы құрылғылар арқылы түсіп, автоматтандырылған жүйе арқылы лифттер мен эсколатор тоқтатылып, қауіпсіздік шарасы қолға алынды. Ал тұрғындарды тысқа шығару үшін орталықтың күзетшілері қызмет етіп, егде жастағыларға арнайы көмек көрсетілді.

ЕРЛАН ТӨРЕГЕЛДИЕВ
БҚО ТЖД басқарма басшысы
Қазір біз хабарлама жүйесінің жұмысын тексердік. Өрт жөніндегі хабар алдымен жоғардағы тетікке беріледі. Кейін өрт туралы жарияланады. Бұнымен қоса, эскалаторлар мен лифттер тоқтатылады. Лифттер төменге түсіріліп, есіктері ашылып, кейін жасамай қалады.

Өртке қарсы жүйе сити центрде толығымен автоматтандырылған. Төтеншеліктер орталықтың әр қабатын арнайы тексеріп, әрбір қосымша есіктің кедергісіз ашылуын, жарықтандырылған белгілерді қарап шықты. Кинозалдардарда екі қосымша есік бар. Түтін соратын жүйе де жұмыс жасап тұр.

МАРИЯ ОКАСОВА
қала тұрғыны
Осындай тексерістері жылына бір рет болса да өткізіп тұру қажет. Кемеровтағы жағдай қайталанбас үшін қауіпсіздік шараларын жасау қажет. Барлығы жауапкершілікпен қараса екен деймін.

Өртке қарсы жүйе орталықта мінсіз жұмыс жасайды. Тек төтенше жағдай бола қалса, халықтың байбалам салмай шығуы маңызды. Бұл сауда үйін жалдаушы сатушыларға да қатысты. Тексерістер тек бұнымен аяқталмайды. Еліміздегі 1151 сауда орнында дәл осындай алдын алу шаралары ұйымдастырылған. Бұған кез келген тұрғын қатысып, тексерістің әділ әрі ашық өтуіне сеп бола алады.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.