Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сауда орындары ашылды

c 15:38, 18/08/2020 c 497

0:00 / 0:00

Ел астанасында ірі сауда үйлерінің жұмысы жанданды. Өздеріңізге мәлім, бүгіннен бастап елде коронавирустың таралуы барысы бәсеңдей бастағандықтан, мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетті. Сауда орындарының ашылуы сол-ақ екен, келушілер қарасы да көбейді. Нұр-Сұлтан аймағында 9 ірі сауда, ойын -сауық  орталығы бар. Жұмысын бастаған сауда үйлерінде әлеуметтік ара қашықтық сақталып, әр 50 метр сайын санитайзерлер тұруы міндетті. Келушілерді бетпердесіз кіргізбейді. Кіре берісте күзетшілер адамдардың дене қызуын тексеріп отырады. Сауда орындарында жұмыс таңертегі 10 00 –ден кешкі 20 00 дейін жалғасады. Алайда, ірі сауда орталықтары сенбі-жексенбі күні жабылады.

Аптаның бірінші күнін елордалықтар асыға күтті. Сауда орталықтары ашыла сала, келіп жатқан халық саны көп. Карантиннен мезі болған астаналықтар киім-кешекті де, тұрмыстық техниканы да жаппай сатып алып жатыр. Қауіпті індет таралып, елде енгізілген қатаң карантин экономикаға үлкен соққы болды. Сауда тоқтады, табысынан айырылғандардың артық  ақшасы да жоқ. Күнделікті шай-нанын әрең айырып отыр. Кәсіпкерлердің болжауынша, елдегі бизнестің 30 пайызы банкротқа ұшырайды.  Бизнес барға қанағат қылуға мәжбүр. Дегенмен, бір жарым айға созылған карантин сәл босаңсығаны сол еді, ақшасы барлар сауда жасаудан аянып қалып жатқан жоқ. Ал саудагерлер үшін бұл пайдалы күн.

Айгүл Жұманова – сатушы «Карантинде көп отырдық. Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Жұмысымыз жанданып, сауда қызып жатыр. Келушілерді қуан-қуан қарсы аып жатырмыз»

Көптеген сауда үйлері несие алып салынған. Банктер несиені төлеуге уақыт берсе де, оларғы бұл ақшаны толық өетуге тура келеді. Ал сауда тоқтап, пайда түспей жатқанда оны өтеу оңайға түспесі анық. Сауда орындарын жалдап отырғандарға да ақысын өтеу қиындап отыр.  Оның үстіне карантин жеңілдетілгенімен, сенбі-жексенбі күндері азық-түлктен басқа сауда орындары түгел жабылады. Тек жәй күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат. Санитарлық дәрігердер бұл халықтың көп шоғырланбауы үшін жасалып отыр дейді. Осылайша аты жаман аурудың таралуын ұстап тұру қажет. Бизнес қауымдастығы болса,  демалыс күндері саудагерлер табысының 40 пайызын табатын еді дейді.

Андрей Чегаров -  сауда, ойын-сауық орталығының директоры «Әрине демалыс күндеріндегі жұмыс саудаға көп пайда әкеледі. Біз жағдай жақсарып, жұмыс режимі мен уақыты ұзартылады деп үміттенеміз. Ал жай күндері тұтынушы аз келіп, пайда аз түскенімен, бұның жалға төлеп отырған ақшаға қатысы жоқ»

Пандемияда халықтың 90 пайызы зардап шегеді. Себебі, осынша халық жалақысыға өмір сүріп жатыр. Тапқаны азық-түліктен аспай қалады. Оған қоса жұмыссыздық та артуда. Вирус жайлаған сәтте, адамдардар ақшасының басым бөлігі дәрі-дәрмекке жұмсауда. Дәрігерлер болса, жеңілдетілген карантин режимінде адамдар тым босаңсып кетпей, санитарлық норманы сақтайды деп сенеді.

Жалпы елордада 9 мың нысан ашылуы керек. Қазір соның алпыс пайызының жұмысы жанданды. Тек банкет залдары мен кинотеатрлардың жұмысына тиым сақталды. Егер жағдай жақсарса, екінші кезеңде бұл кәсіп түріне де жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.