Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сарытаудағы мектеп уақытында тапсырылмайды

c 18:24, 05/02/2018 c 1459

0:00 / 0:00

Орал қаласында тағы бір "сақалды" құрылыс пайда болды. Сарытау ауданында орналасқан мектептің құрылысы белгіленеген мерзімінде тапсырылмайтын болды. Себебі "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша салынып жатқан білім ордасын мердігерлер осы жылы ғана аяқтауы мүмкін. Қоныстанушылар саны күн санап артқан Зашаған кентінде мектептегі орын тапшылығын шешуде жаңа нысанды іске қосудың маңызы зор болмақ,-дейді сала мамандары.

Зашаған кентінің Сарытау ауданындағы мектепті 2017 жылы тапсыру көзделген болатын. Облыс әкімінің айтуынша, нысанға бюджеттен биыл бөлінген қаражат толықтай игерілген. Жоба құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Құрылыс 2016 жылы басталған еді.

Мердігер компания басшысымен ұялы байланыс арқылы тілдесуге мүмкіндік туды. Директор тергеу ісінің құрылыс жұмысына ешқандай кедергі келтірмейтінін мәлімдеді. Себебі нысанға жауапты мамандар сайладым дейді.

Зашаған кентінде жаңа мектептің қажеттігі өткір мәселеге айналып отыр. Сол себепті білім ордасының ашылуын ұстаздар қауымы да тағатсыздана күтуде. Жаңа мектеп ашылған соң аудандағы мектеп мұғалімдері оқушылармен бірге көшірілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.