Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сапалы медицина

c 10:05, 18/06/2021 c 579

0:00 / 0:00

Қазақстанда сапалы медициналық қызмет көрсетіле ме? Денсаулық сақтау саласын цифрландыру барысы қалай жүріп жатыр? Бұл мәселелер Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек стөлдің отырысында талқыланды. Депутаттар саладағы цифрландыру барысының баяу жүріп жатқанын және науқастарға сапалы қызмет көрсетілмейтінін айтып сынады.

Пандемия денсаулық сақтау саласындағы барлық олқылықты көрсетті. Тәжірибелі маманның тапшылығы, дәрі-дәрмек тасымалындағы кемшіліктер, жемқорлық фактілері, бұл салаға цифрландырудың иісі бармағанын тағы бір дәлелдеді. Бүгінде кез-келген емханаға онлайн тіркелу үшін ұсынылған мобильдік қосымшаның сүрінгенін де көрдік. Азаматтар ДамуМед қосымшасынан өздері жайында орын алмаған мәліметтерді, болмаған дәрігерлік тексерулер жайында оқып, көріп таң қалып жатқаны бар. Қазақстанда медициналық сақтандыру қорына жалақымыздан айтарлықтай жарна бөлінеді. Алайда, оның да рахатын көре алмай отырмыз.  Дұрыс жолға қойылмаған.

Депутаттардың мәліметінше, 2016-2020 жылдарға денсаулық сақату саласын цифрландыруға 38 млрд теңге бөлінді. Алайда, ол ақшаның қалай иегірліп жатқаны жайында вице-министр Бүркітбаев мардымды жауап айта алмады. Министрлік бұл саланы толық цифрландыру келер жылдың еншісінде деп сендірді. Дегенмен, мәжілісмендерді медициналық мекемелерде  орын алатын бюрократиялық жағдайлар мазалады. Науқастарды таныс-танымыры болмаса дұрыс қарамау дереткері де орын алатыны айтылды.

Вице-министр медицина ұйымдарының инфрақұрылымы жаңғыртылып, ақпараттық жүйе іске қосылуда. Мобильді және веб-қосымшалар қолданысқа берілді деп ақталды. Дегенмен, шенеунік   денсаулық сақтау саласында қазір 47 ақпараттық жүйе қолданылады. Оның ішінде бір-бірінің қызметін қайталайтындары бар.   «Пациенттердің пікірінше, денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесі ашық емес. Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға жаңа әдіс, тың тәсіл қажет» деп жұбатты депутаттарды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.