Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САНКЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

c 09:16, 28/02/2022 c 409

0:00 / 0:00

Әлемді алаңдатып отырған Украинадағы жағдайға қатысты ҚазақстанҮкіметі мен Ұлттық дағдарысқа қарсы әрекет ету жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Яғни, нарықта қаржылық тұрақтылықты қалыптастыру үшін теңге салымдарын қорғау бағдарламасы енгізілмек. Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерімен кездесуінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шара қолдану жайында айтты. Украинадағы жағдайға қатысты Ресейге қарсы сакнциялар Қазақстанға қалай әсер етпек? Толығырақ тілші репортажынан.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшыларымен кездесуінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемді алаңдатып отырған Украинадағы жағдайға тоқталды. Президент геосаяси жағдай ушығып тұрғанын, экономикалық одақты санкциялық қақтығыстар алаңдатып отырғанын айтты.

Өз кезегінде батыс елдері яғни Еуропалық Одақ (ЕО) басшылары Ресейдің қаржы, көлік және энергетика салаларына қарсы тағы бір санкциялар пакеті енгізбек. Шетелдік БАҚ –ң хабарлауынша, бұл санкциялар ресейлік банк нарығының 70 пайызына және негізгі мемлекеттік компанияларға, соның ішінде қорғаныс компанияларына әсер етеді. Ал экспортқа тыйым салу Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын жаңартуға мүмкіндік бермей, мұнай секторына кесірін тиізеді деп отыр Еуро Одақ басшылары. Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстан экономкиасына кері әсерін тигізеді деп отыр экономистер. Ендігі доллар шарықтап, ұлттық валюта әлсіреп жатыр. Мұның арты қымбатшылыққа әкеп соғатыны сөзсіз.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге қайта шақырып отыр. "Украина-24" телеарнасына шыққан ақпаратта Зеленский "Ресей ерте ме, кеш пе бізбен қақтығыстарды тоқтату туралы келіссөз жүргізуі керек. Бұл келіссөз неғұрлым ерте болса, Ресейдің шығыны да аз боладығ- деді. Сонымен қатар, Украина басшысы "Бухарест тоғызыдынан" өз еліне қорғаныс көмегін сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.