Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СӘН-САЛТАНАТҚА САЛЫҚ САЛУ ҰСЫНЫЛДЫ

c 19:27, 25/11/2021 c 1072

0:00 / 0:00

Зәулім үйлер, қымбат көлік мінгендер, жеке ұшақ, яхта ұстаған қалталыларға салынатын салықты көбейту қажет дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Депутаттың сән-салтанатқа салық салу туралы ұсынысына қатысты жауап берген қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан үкіметі байлыққа салық салу мәселесін қарастырып жатыр деді. Бұл мәселе бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында сөз болды.Жоғарғы палата Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылаған еді.

Мәтін. Қазақстанда байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық сезіле бастады. Пандемия кезінде бұл көрініс тіпті ушықты. Тапқан табысын қымбатшылық жеп жатқан қара халық күнделікті тұтынатын азық-түлігін үнемдеуге көшті. Тамаққа баға шарықтап тұрғанда киім-кешек, тұрмыстық заттар сатып алу кейінге қалды. Ал өз кезегінде қалталы азаматтардың байлығы күн санап өсуде. Қазақстандық байлардың тізімі Forbes рейтингінен түспейді. Әрине бай-қуатты азаматы көп елдің экономикасы да жақсы болады. Бірақ біздің елде зәулім үйлер, қымбат көлік мінгендер, жеке ұшақ, яхта ұстаған қалталыларға салынатын салық көлемі аз. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы сән-салтанатқа салынатын салықты көбейту қажет дейді.

Осылайша қаржы вице-министрі бұл жолғы Салық кодексінен көрініс таппаған, байлыққа салынатын салық мәселесін келесі жылдан бастап енгізуіміз мүмкін деген құрғақ сөзбен құтылды. Еске сала кетейік, сенатор Бақтиярұлы байлық салығын енгізу туралы мәселені былтыр да көтеріп, үкіметке ұсыныс жасағанды. Ол кезде ұлттық экономика экс-министрі Руслан Дәленов үкіметтің байлыққа салық енгізу жоспары бар екенін мәлімдеген болатын.Алайда, бұл мәселеде үкімет әлі күнге дейін асығыстық танытпай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.