Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақ болыңыз!

c 09:35, 24/05/2021 c 560

0:00 / 0:00

Өткен жылдың шомылу мерзімінде 350 адам суға  кетті. Оның 70-і балалар. Өкінішке орай, адамдар суға шомылу қауіпсіздігін сақтамайды. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. Еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин  алдағы аптап ыстықта  шомылу маусымы басталған сәтте сақ болуға шақырады.

Жайдары жаз келді. Апат ыстықта суға шомылушылар саны артады. Оқушылар да жазғы каникулға шығып, демалыс маусымының қызығын қызытайды. Алайда, елдегі пандемия мен карантин шараларында  сақтық тантыуға тура келеді. Төтеншеліктер суға шомылу маусымында  балалар мен жеткіншектер арасындағы өлім-жітім көбейіп отыр дейді.

Юрий Ильин –ҚР төтенше жағдайлар министрі «Өткен жылы шомылу маусымында қайғылы оқиғалар көп болды. Тек шомылу маусымында 350 адам қайтыс болды, оның ішінде 70-ке жуығы бала. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін дұрыс емес және жабдықталмаған жерлерде шомылудың салдарынан орын алған қайғылы оқиғалар.  Жақында Нұрсұлтанда жас жігіт мас күйінде триатлон саябағында суға кетіп, қайтыс болды»

Министр суға шомылу мен балалардың биік ғимараттарда қараусыз қалуына байланысты қайғылы оқиғалар орын алуда дейді . Терезеден құлап, жарақат алған немесе көз жұмған жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан бас құтқарушы  ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырады.

Карантин кезінде балалардың басым бөлігі үйде отыр. Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар  тілсіз жаудың құрбаны болуда. Жыл басынан бері республикада 29 бала өртте көз жұмды. Оның 13-і үйде қараусыз қалған балалар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.