Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЙЛАУДАН ҮМІТ ҮЗБЕГЕН «АУЫЛ»

c 19:31, 14/02/2023 c 97

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттарын тіркеді. Осылайша, алдағы сайлауға 25 адамнан тұратын партиялық тізіммен қатысып жатқан ауылдықтардың үміті зор. Партия сайлау жарнасынан босатылады. Себебі бұған дейінгі сайлауда 5 процентен артық дауыс жинаған.
Осылайша ауылдықтар да ОСК батасын алып, 19 наурызда өтетін Парламент мәжілісі сайлауына сақадай сай. Ауылдың партиялық тізімі 25 адамнан тұрады. Енді партияның сайлау қорын қалыптастыруға арнаулы уақытқа шот ашуға болады. Сондай-ақ тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктері беріледі. Айта кету керек партия сайлау жарнасынан босатылып отыр. Себебі бұған дейінгі сайлауда 5 процентен артық дауыс жинаған.

Осылайша сайлаудан үміт үзбеген ауылдықтар бұл жолы да бақ сынап көрмекші. Парламент мәжілісі сайлауына түсіп жатқан ауылдық кандидаттардың ішінде президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден де бар. Сайлаудан соң мандат бұйырып жатса, бұл азаматтарды мәжілістің төрінен көріп қалуымыз да мүмкін. Президент сайлауындағы науқанда жілік сындырып есте қалған Дайрабаев үшін депутат болу таңсық емес.

Сондай-ақ, бүгін «Байтақ» жасылдар партиясы да тізімдегі 18 үміткерімен Орталық сайлау комисисясының сүзгісінен өтіп, тіркелді. Ал күні кеше «Ақ жол» партиясының тізімдегі 54 кандидаты тіркеуінен өткен еді. Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 18 ақпан күні кешкі сағат 18.00-де аяқталып, бірден партиялар мен бір мандатпен түсіп жатқан үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталып, 18 наурызда аяқталады. Еске сала кетейік, Парламент мәжілісі 98 депутаттан құралады. 69 депутат партиялық тізіммен, 29-ы бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.