Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сайлаудағы карантин

c 09:39, 29/12/2020 c 617

0:00 / 0:00

Алдағы Парламенттік сайлауда енгізілетін карантин шаралары талқыланып жатыр.

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шорановтың айтуынша, сайлау кезінде санитарлық нормаларды қатаң сақтау , Орталық сайлау комисисиясы мүшелері мен байқаушылардан ПТР тест тапсыру талап етілмек. Өз кезегінде вице-министр қауіпті індеттің өршіп кетпеуі үшін, жаңа жыл мерекесінде үйде өз отбасыңызбен қарсы алуға, туған-туысты аралап жүрмеуге кеңес берді. Бұл жайында елордада өткен баспасөз маслихаты барысында айтылды.

Қазақстан қауіпті індеттің таралуы бойынша сары аймақта тұр. Атырау облысында жағдай ушығып, қызыл аймақта болса, алты өңір сары аймақта, қалғандары жасыл аймақта тұр.

Қауіпті індеттің таралуы қайта күшейді. Оған қоса, үкіметті алаңдатып отырғаны алдағы сайлау. Себебі, парламент пен маслихат депутаттығына таласып жатқан саяси партияларға дауыс беру үшін халық жаппай сайлауға барады. Ал бұл індеттің таралуына жол беруі мүмкін. Қазақстанда бұл сайлау онлайн өтуі мүмкін бе? Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов есік қағып тұрған жаңа жылдың   10-ы қаңтарында өтетін сайлауда енгізілетін карантин талаптары талқыланып жатыр дейді. Сайлау учаскелерінде санитарлық нормаларды сақтау, орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылардан птр тест талап ету жоспары бар.

Алайда, онлайн сайлау жайында әзірге ресми ақпарат жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ковидтің таралуы күшейіп кетсе, бұл форматты қолдануымыз мүмкін деген болатын. Бірақ елде цифрландыру ақсап тұрған сәтте, сайлауда онлайн дауыс беру қаншалықты сенімді. Өз кезегінде вице-министр, қазақстандықтарға Жаңа жыл мерекесін үйде, тек өз отбасымен қарсы алып, жақындарын қашықтан құттықтауға кеңес берді.

Өкінішке орай, карантин талаптарын бұзуда мейрамхана, дәмханалар алдыңғы орында тұр. Шорановтың айтуынша,  1,1 миллиард теңгеден астам сомаға 11 285 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Кейбір нысандар шектеу және карантин режимінің талаптарын елемей отыр дейді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.