Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ ӨТЕДІ

c 22:00, 29/04/2022 c 952

0:00 / 0:00

Ата заңға өзгеріс енгізу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың пікірімен санасуды жөн санады. Яғни Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өтетін болды. Бұл туралы Президент Қазақстан Халықтары Ассамблеясының отырысында айтты. Еске салайық, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы өтті. Онда сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.

Жалпы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылында Ата заңымызға төрт рет өзгеріс енгізілді. Ел Президенті Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізуді тағы ұсынып отыр. Бұл жолы Коснтиутцияның 33 бабы өзгермек. Саяси реформалар орын алады. Жер мен жерасты байлығын халық игілігіне жұмсау жүзеге асады деген үміт бар. Тұңғыш президент туралы конституциялық заң күшін жояды. Дегенмен, қоғамда Конституциядан Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің негізін қалаушы деген норма алынып тасталуы керек деген даулы пікір бар. Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға енетін өзгерістерді бүкілхалықтық референдум өткізу арқылы жүзеге асыруды жөн санады. Яғни қоғамның талабы Ақордаға жетті.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум соңғы рет сонау 1995 жылы өткен. Кейін "Республикалық референдум" туралы Конституциялық заң қабылданды. Алайда ол практика жүзінде бірде-бір рет қолданылған жоқ. Конституцияның бүкілхалықтың дауыс беру арқылы өзгеруі халықтың еркін білдірудің айқын көрінісі деп санаймын, деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ Тоқаев қаңтар қасіретінен сабақ алу керек екенін тағы айтты. Геосаяси ахуал ушығып тұрған сәтте сын-қатерлер пайда болып жатыр. Бұл орайда ел ішінде арандатушылыққа жол бермеу керек деді.

Сондай-ақ, жиын барысында Мемлекет басшысы бизнеске заңсыз негізде қысым көрсеткен қадағалаушы органдардың өкілдері қатаң жазаланатынын ескертті. Кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз етіп, қолайлы инвестициялық климат құру қажет, - деді ол.

Қаңтар трагедиясынан соң қазақ қоғамы ұйқыдан оянғандай. Билік Жаңа Қазақстанды құруға кірісіп кеткен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.