Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

c 08:18, 10/05/2022 c 1049

0:00 / 0:00

Бір айдан соң бүкілхалықтың референдум өтіп, қазақстандықтар Ата заңға елеулі өзгеріс енгізуге ат салысады. Өздеріңізге мәлім, селімізде референдум 27 жыл бұрын өткен. Конституциялық заңда көрсетілген референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысады. Жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделген. Қазір әкімдіктердің атқаратын міндеті- дауыс беруге арналған учаскелерді анықтап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасау. 20 мамырдан бастап әрбір азамат келіп, тізімнен өзін тексере алады. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беруге кемінде 10 күн қалғанда, яғни 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етуі қажет. Өздеріңізге мәлім, Президенттің Жарлығы бойынша 5 маусым күні елде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтеді

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның өтетін күнін жариялады. Осылайша, маусымның 5 күні қазақстандықтар Ата заңға енгізілетін 30 дана аса өзгеріске дауыс береді. Айта кету керек ОСК референдум барысында онлайн дауыс беру қарастырылмағанын мәлімдеді. Себебі, оналйн даусы беру қаупті дейді комиссия өкілі Өтемісов мырза. Яғни дауыс беру барысында дәстүрлі түрде бюллетенді қолданатын боламыз

Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында референдум өткізу барысы, талаптар мен тыйымдар жайында айтылды. Референдум кезінде үгіт-насихат жұмыстары күн белгіленгеннен кейін бірден жүргізіледі. Бұл орайда бас прокуратура әлеуметтік және ұлтараздықты қоздыру, сондай-ақ билікті күштеп басып алуға немесе билікті күштеп ұстауға үгіт-насихат жүргізгендер, оған жария түрде шақырғандар қылмыстық жауапқа тартылады деп ескертеді. Сондай-ақ анонимді үгіт-насихат материалдарын таратқандарға қатысты жауапкершілік барын айтады. 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Анонимді үгіт-насихат материалдарын таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, онда 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен бірге конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығына нұқсан келтіруге, мемлекеттің қауіпсіздігіне, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және тектік артықшылыққа нұқсан келтіруге, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол берілмейді.

Өздеріңізег мәлім, елде эпид жағдай жақсарып, коронвирустың беті қайтқанымен, дәрігерлер індеттің түбімен жойылмағанын айтады. Бұл орайда референдум кезінде эпиджағдай ушығып кетсе, қайтадан карантиндік талаптар күшейтіледі деп отыр бас санитар дәрігер.

АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА – ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ "Эпидахуал нашарлаған жағдайда, дауыс беру учаскелеріне кіргізу міндетті түрде Ashyq арқылы жүргізіледі. Вирус жұқтырған адамдар, әрине, сайлау учаскесіне кіргізілмейді. Референдум кезінде бетперде режимін, ара қашықтықты сақтап, дезинфекциялық құралдар пайдалану қажет».

Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, маусым айында елдегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.