Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА КІМДЕР ІЛІГЕДІ?

c 16:49, 02/09/2022 c 1489

0:00 / 0:00

Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалатын болады. Бұл Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған маңызды мәселенің бірі болды. Қасым –Жомарт Тоқаев көптің жетегінде кеткен, өз кінәсін мойындап, өкінгендерге рақымшылық жасалатынын айтқан еді. Тек экстремистік қылмыс жасағандар, қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар рақымшылыққа ілікпейді. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев нақты рақымшылыққа кімдердің ілгетінін ашып айта алмады.

Президент Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасалатыны айтылды. Өздеріңізге мәлім, қаралы қаңтар трагедиясы бойынша тергеудің жалғасып жатқанына 8 ай болды. Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза болған 238 адамның тізімін жақында ғана жариялады. Алайда марқұмдардың жасы, жеке мәліметтері айтылмады. Билік қаралы қаңтарда лаңкестік әрекет орын алғанын да мәлімдегенді. Бүгінде сол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған, мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған, елге опасыздық жасаған деген айыппен ҰҚК экс -төрағасы Кәрім Мәсімов бастаған топ қамауда отыр. Тергеу амалдары аяқталған болатын. Қаңтар оқиғаларына қатысты деп айыпталғандардың ішінде көптің соңынан кете бергендер, көшеде келе жатып кездейсоқ ұсталғандар да жоқ емес. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар, мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен ауыстыруға әрекеттенді деп айыпталғандарға, экстремистік қылмыс жасағадарға рақымшылық жасалмайтынын айтқан еді. Енді Президент жариялаған рақымшылыққа кімдер ілігеді?

Депутаттардың пікірінше, рақымшылық жасау қаңтар трагедиясына берілген баға.

Ал прокурор Шындалиев әзірге нақты қанша адамға амнистия жарияланатынын айта алмай, ат-тонын ала қашты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.