Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР МА?

c 19:01, 12/12/2022 c 1629

0:00 / 0:00

Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар әкімдер мен министрлер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына ілікті. Бірі зейнеткерлік жасына келсе де қайта әкім болып тағайындалса, енді бірі министр болып отрығанына көп болмаса да отставкаға кетіп қалуы да ықтимал.

Мәтін. Елордада бас қосқан әкімдер мен министрлер Президенттен сөз естіп шыққан соң, алды-артына қарамай қашса, бірі тілшілердің сұрағына жүре жаупа берді. Ал енді бірі қаумалаған журналситердің ортасынан сытылып шыға алмай қалды. Жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалған Даниал Ахметов қолымызға түсті. Әкім өз лауазымында 8 жылдан бері отыр. Ахметов үкімет басқарған тұлға екенін де білеміз. 68 жасар Даниал Ахметов зейнеткерлікке шығып, демалғаннан гөрі, әкім болып шаршамай қызмет еткенді жөн санайды.

Өздеріңізге мәлім, шығыста да шешілмеген мәселе шаш етектен. Ал Президент бүгінгі жиында жылумен қамту мәселесін шешудегі шенеуніктердің жауапсыздығы туралы айтып, жылу беру бойынша төтенше оқиғалар тым көп болатын өңірлер қатарында Риддер қаласын да атаған еді. Әкім Ахметов Риддерде Екібастұздағы апат орын алмайтынына жүз пайыз сенімді. Ал 150 тұрғыны бар Екібастұзда орын алған төтенше жағдайға отставкаға кеткен экс-әкім Ысқақов ғана жауапты ма? Энергетика министрі президенттің сынынан соң қызметінен кетуге дайын ба?

Бас энергетик бес балдық шкаламен өз жұмысына «үш» деген баға берді. Министрдің айтуынша, жылу желілерінің тозуы бүгінгі таңда ең үлкен проблемаға айналған. Көптеген қалада жағдай мәз емес. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Министрлік шұғыл шешімді қажет ететін жылу электр орталықтарын анықтаған. Ал Екібастұздағы апаттан соң сол өңірде жағдай түзелгенше басы-қасында жүрген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл коммуналдық апат болды дейді.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Стансадағы операциялық персоналдың қателігі бар екені түсінікті. Персонал да, меншік иесі де қозғалған қылмыстық іс аясында жауап береді. Шынымен де бұл аса ірі коммуналдық апат. Екібастұздың тарихында болып көрмеген шығар. Желідегі қысымды кенет көтеріп жіберген. Станса операторы монометрдегі көрсеткішке қарап қысымды арттырған. Ал монометр бұл кезде қатып қалған. Өйткені терезе сынық болған. Содан суық кірген, монометр кәдімгідей қатып қалған»

Үкімет басшысының орынбасары креслосына енді ғана жайғасқан экс-әкім Алтай Көлгінов жаңа қызметіне екі қолын сыбана кірісіп жатыр. Вице-премьер инфляциямен күрес жолдарын атады.

Не керек, кеңейтілген отырыстан соң қолымызға түскен әкімдер мен министрлер Президенттің сынын мойындап, өзіне артқан міндетті орындауға дайын сияқты көрінді. Ал Смайылов үкіметі жаңа жылға осы құраммен бара ма? Оны уақыт көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.