Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТӨТЕНШЕЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ

c 23:12, 28/01 c 25

0:00 / 0:00

Елді дүрліктірген жер сілкінісінен соң Алматыға ат басын тіреген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің жұмысын сынға алды. Алдын ала хабарлама таратуды автоматтандыру жұмысы аяқсыз қалғанын айтты. Бұл жүйені өткен жылы енгізу керек болатын. Оған бөлінген қыруар қаржы игеріліп, тіпіт шенеуніктер бұл жұмысты басатуға дайын екендіктерін де баяндаған. Алайда, қажет кезінде алматылықтарға төнген қауіп жайында хабарлама жасалмай, бұл жүйе жұмыс істемей қалды.

Мәлім болғандай, зілзала жайында автоматты түрде алдын ала хабарландыру жүйесін енгізуге 1,1 млрд теңге жұмсалған. Тоқаев сондай-ақ, халықтың жер сілкінісіне дайын болуы үшін оқу-жаттығуды қайта жаңғыртуды тапсырды.

Президент Тоқаев бас прокуратураға жер сілкінісі кезінде қажетті әрекет жасай алмаған төтенше жағдайлар саласындағы жемқорлыққа тексеріс жүргізуді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.