Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Президент сөгіс жариялады

c 00:21, 30/06/2020 c 435

0:00 / 0:00

Бірқатар әкімдер сөгіс алды. Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиында мемлекет басшысы қауіпті індетпен күресте  өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған шенеуніктерді әбден сынады . Осы орайда  жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады. Ал   Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов пен  Алматының әкімі Сағынтаев және Цифрлық даму, министрі Жұмағалиевтер ескертумен құтылды. Соңғы мәлімет бойынша республика бойныша жалпы коронавиурс жұқтырғандар саны 21 мың 327 адамды құрады. Індеттен жазылып шыққандар саны 13 мыңнан асты. 183 адам көз жұмды.Ал жалпы аурудың белгілері жоқ тасымалдаушылар саны 16 мың 600 адамнан асады.

Елдегі эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Қауіпті індетпен күресте өз ісіне салғырт қараған шенеуніктердің шикі жұмысын перзидент те байқапты. Аты жаман аурумен күресте Президент қойған талаптар орындалмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңестің отырысында өзіне жүткелген істі атқара алмай отырған әкімдерге шүйлікті. Қамшының шеті бірінші болып үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа тиді. Тоғжанов осы іске тікелей жауапты комиссияны басқарады.Сөгіс алғандар сабында   Шымкент қаласы мен Пауладар, Ақтөбе облысының әкімдері де бар. Президенттен сөз естігендер қатарында болған    Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов пен  Алматының әкімі Сағынтаев және Цифрлық даму министрі Жұмағалиевтер ескертумен құтылды .Тоқаев індет жайында дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қабылданбағанын айтты.  Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді, деп сынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев –ҚР Президенті «Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда».

Тоқаевтың айтуынша, халықтан түсіп жатқан арыз-шағымның шеті жоқ. Коронавирус сайтына 40 мың аса шағым түссе, соның тек үштен біріне ғана жауап берілген.Халықпен кері байланыс жоқ деді Президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы  уақытында қабылданбаған және тиімсіз жасалған шаралардың нәтижесінде өңірлерде адамдардың індетті ұжымдық жұқтыруы өршіп кеткенін айтты. Бұл орайда Тоқаев Атыраудағы Теңіз кен орнында 1200 аса жұмысшының коронавирус жұқтырғанын сөз етті. Ал Алматыда дәрігрелердің вирус жұқтыруы ушыққанын, елордада ұйымдар санитарлық норманы бұзғанын тізбектеп шықты. Ауруханаларда орын жоқ, дәрі тапшы, медициналық құрал-жабдық жетпей жатқанын айтып сынады. Мемлекет басшысы премьер -министр Асқар Маминге алдағы екі күн ішінде наурыз-сәуір айларындағыдай қатаң карантин енгізу шараларын дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, тест нәтижелерін зерттеу орталықтарының жұмысын күшейтуді айтты.Маусым айының соңына дейін өңірлерде аурухналарда 50 пайызға дейін орын дайындауды, пандемияның екінші толқынына толық дайын болуды баса тапсырды.Сондай-ақ халыққа шынайы, жедел ақпарат жеткізіп отыруды қамтуды жүктеді.Әкімдер мен министрлерге қажеті жоқ шығындардан бас тартып, бар күшті қауіпті індетпен күреске жұмсауды міндеттеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.