Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полиция мәртебесі өзгереді

c 19:04, 12/03/2021 c 756

0:00 / 0:00

Енді қазақстандық полицейлер жауапқа тартатын емес, қиын жағдайда көмек қолын созатын сервистік модельге көшеді. Қоғамдық орындарда  полицияның тұрақты бекеттерін кездестіруге болады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  қазақстандық полицияны дамыған елдергідей өзгерткісі келеді. Мысалы, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур елдерінде заманауи модульдік полиция бекеттері орнатылған. Ол жерде қызметті атқару мен азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ, министр құқық қорғаушылардың зейнетке шығу жасын 60 жасқа дейін ұзартуды көздеп отыр. Ал алдағы үш жылда тәртіп сақшылардың жалақысы өсетін болады. Ішкі істер министрлігінің реформасы жайында Сенатта өткен үкімет сағатында қызу талқылау болған еді.

Еліміздің бас полицейі сенаторларға бірнеше жаңалығын ала келіпті. Тұрғымбаев ішкі істер саласын реформалау қажеттігін айтады. Бүгінде елімізде 165 мың полицей бар. Алайда, жылда бұл саладан 12 мыңға жуық адам жұмыстан кетіп жатады. Себебі, жалақысы төмен. Сержанттардың еңбекақысы 97 мың теңгені құрайды. Министр ең алдымен құқық қорғаушылардың материалдық жағдайын көтеру көзделіп отыр дейді.2023 жылға дейін жалақы өспек.

Енді қазақстандық полиция сервистік модельге көшеді. Бүгінде қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі жоғалған. Қазақстандық полиция жазалаушы орган ретінде рөлін асыра атқаруда. Сенаторлар полицияға тек жауапқа тартатын орган ретінде үркіп қарамай,  қиын жағдайда көмекке жүгінуге болатын жағдай қалыптастыру керек дейді. Министр Тұрғымбаев Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур елдеріндегідей заманауи модульдік полиция бекеттерін орнатамыз. Ол жерде полиция  азаматтарды қабылдап, көмек көрсететін болады дейді.  Қазіргі кезде өңірлерде қоғамдық орындарда  50 бекет жұмыс істеп тұр. Тағы  170 бекетті орнату жоспары бар. Ал балаларды қылмыстан қорғаудың мынандай жолын ұсынады.

Тағы бір жаңалық, енді қазақстандық полицейлер 48 жастан зейнеткерлікке ерте шыға алмайды. Офицерлердің зейнетке шығу жасы 60 жасқа дейін ұлғайтылмақ. Бұл тәжірибелі, кәсіби мамандарды салада көбірек ұстау үшін қажет.

Өкінішке орай, пандемия барысында алдыңғы шепте жүрген тәртіп сақшылары арасында қауіпті індетке шалдыққандар саны да көп. 6,5 мың полиция қызметкері коронавируспен ауырып шықса, 25 құқық қорғаушы осы індеттен көз жұмған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.