Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полиция қызметкерлері марапатталды

c 16:27, 25/06/2018 c 659

Маусымның екінші жартысында еліміздің барша полиция қызметкерлері кәсіби мерекесін тойлайды. Мереке қарсаңында үздік деп танылған оралдық полиция қызметкерлері марапатқа ие болды. Қоғам тыныштығын сақтап, адам құқықтарының аяқ асты болмауын қадағалайтын мамандардың қызметі ауыр екені сөзсіз. Олар қызмет барысында түрлі жағдайларға тап болып, ел тыныштығы үшін өз өмірін қатерге тігіп жатады. Биылғы жылы полиция қызметіне 26 жыл. Жыл сайын құқық қорғау саласының мамандарына қойылатын талап та күшті. Олар үнемі кәсіби біліктілігін жоғарылатып, физикалық дайындығын қадағалап отыру тиіс. Бүгінгі таңда, Орал қаласы бойынша 800-ге жуық полиция қызметкері қоғам тыныштығын күзету үшін қызмет жасап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.