Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РАҚМЕТ САҒАН, ДОНОР!

c 18:19, 14/06/2022 c 793

0:00 / 0:00

14-сәуір халықаралық донор күні. Осы атаулы мерекені облыстық қан орталағында атап өтті. Шара барасында қан тапсырушыларға арнап мерекелік концерт ұйымдастырылып, дәмге толы ақ дастархан жайылды.

Донорлық қан көптеген адамның өмірін аман алып қала алады. Жазатайым оқиға кезінде зардап шеккендерге, босану кезінде туындаған қан кету сынды жағдайларда қорда жинақталған қан мөлшері көмекке болады. 14-сәуір халықаралық донор күні қарсаңында Облыстық қан орталығының дәрігерлері қан тапсырушы жандарға арнап мерекелік шара ұйымдастырып, алғыстарын білдірді. Донор болып 18 бен 80 жас аралығындағы кез келген дені сау адам қан тапсыра алады. Соңғы жылдары қанды ерікті түрде тапсыратындардың саны артып келеді. Себебі олар денесінен алынатын 450 миллилитр қанның хал үстінде жатқан адамға қажеттілігі мол екенін жақсы түсінеді. Біздің өңірде де тұрақты түрде қан доноры болатын жандар аз емес. Солардың бірі Болат Давлеткалиев. Ол осы уақытқа дейін 168 рет қан тапсырған. Қан доноры - өз қанын өзгеге ұсына отырып, өлім аузындағы адамға өмір сыйлайтын жан. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын әлем бойынша шамамен 118,5 миллион қан донациясы жиналады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.