Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕКСЕРІСТІ КҮШЕЙТЕДІ

c 10:15, 07/09/2021 c 694

0:00 / 0:00

Қазақстанда полицейлер жалдамалы пәтерлерді тексеріп, заң бұзып жүрген азаматтарды анықтайтын болады.  Бұл жайында онлайн режимде өткен брифингте  ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. Учаске" жедел алдын алу шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары өзі бекітілген әкімшілік учаскеде халықпен танысу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылыққа жол берген адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулалар мен пәтерлерді араламақ.

Үйіңізге учаскелік полицей келіп тұрса таң қалмаңыз. Тек қандай да бір келеңсіз жағдай орын алғанда келетін полицейлер, енді тексерісті күшейтпек. Қазір ел аумағында "Учаске" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.Осы шара аясында өзінің әкімшілік участігіндегі жадайдан толық хабардар болуы үшін, полицейлер тынбай жұмыс істемек.

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ- ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ -«Операция барысында учаскелік полиция инспекторлары өзі бекітілген әкімшілік учаскеде халықпен танысу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылыққа жол берген адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулалар мен пәтерлерді аралайды»

Әсіресе, жалдамалы пәтерде тұрып жатқандарды бақылауға алу көзделіп отыр.

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ- ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ -«Жалдамалы пәтерлерді, базарлар мен сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастар мен кәмелетке толмаған балалар жиналатын орындарды, азаматтық қару иелері мен шетелдіктерді тексереді».

Сондай-ақ, саяжай, құрылыс нысандарын, уақытша тоқтатылған және бос тұрған, шатырдағы орын-жайлар мен жертөлелер де тексерілмек. Полиция ауыл жақты да қатаң бақылауға алады.   Ауылдағы қыстауларды, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды да  тексереміз деп отыр. Шалғайда адамдарды заңсыз пайдаланып жүргендерді, заңсыз келген шетелдіктерді, тіркелмеген қару-жарақ пен басқа тыйым салынған заттарды анықтапмақ.  Қыркүйек айында бастау алған "Учаске" жедел алдын алу шарасы жыл соңына дейін жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.