Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

c 10:55, 05/10/2021 c 645

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтандық полицей Алмаз Құлтанов өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалды. 3 қазан күні полицей Құлтанов елорданың Қабанбай батыр даңғылында қызмет бабымен жүріп, Есіл өзенінің көпірінде бейтаныс қыздың әдеттен тыс әрекеттерін байқап қалады. Ол дереу жүгіріп барғанша, әйел суға секіріп кетеді. Полицей оның соңынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып алды.

Сенбі-жексенбі күндері елорданың демалыс орындары мен Есіл өзенінің жағалауы адамға толы болады. Бұл күндері тәртіпсақшыларының да жұмысы күшейеді. Қазанның 3-і күні күндізгі сағат 12-нің кезінде полицей Алмаз Құлтанов Нұр-Сұлтанның оң жағалауы мен сол жағалауын қосып тұрған көпірде жүрген әйелдің әдеттен тыс әрекетін аңғарғады. Ол бірден дереу жедел басқару орталығының кезекшісіне хабарласып, өзі көпірге қарай беттейді. Алайда, полицей жүгіріп келгенше, әйел суға секіріп кетеді.

Осылайша қырағылық танытқан тәртіпсақшысының арқасында бір суицид оқиғасына жол берілмеді. Суға секірген 25 жастағы әйелдің мұндай әркетке не үшін барғаны белгісіз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің құрсағындағы баласы әзірге аман. Оның жағдайы тұрақты. Медицина қызметкерлерінің бақылауында, тексеруден өтіп жатыр. Өкінішке орай, өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасу оқиғалары жиілеп кетті. Қазақстан суицид бойынша әлемде үшінші орында тұр. Мамандардың айтуынша, жастар өздерінің суицидті мінез-құлқынан секем алмайды және проблемаға стереотипті түрде қарайды. Суицидке итермелейтін негізгі себеп: психиканың бұзылуы, депрессия, қаржылық проблема, жалғыздық, өзін қажетсіз сезіну, ата-анасымен орын алған келіспеушіліктер. Қазақстанда суицидке баратын жастардың көпшілігі қалада тұратындар боп шықты. Көбінесе олар дінге сенбейді және жоғары білімі жоқ, - дейді психологтар.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.