Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пластиктің зияны

c 09:33, 12/10/2020 c 2304

0:00 / 0:00

Әр қазақстандық жыл сайын қоқысқа 42 кг пластик тастайды. Экологтар бұл қорашаған ортаға орасан зор зиян келтіріп отыр деп дабыл қағады. Пластиктің зияны жайында  бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстанда өңірлердің пластикпен ластануы бойынша зерттеу жобасын іске қосу» тақырыбындағы онлайн брифингте айтылды.

Пластиктің зияны жайында әлем экологтар дабыл қағып, оны қайта өңдеу, пластик қоқысын жинау тәрітібін енгізуді айтуда. Еуропаның кейбір елдері соның ішінде Франция бір реттік пластикалық ыдыс –аяқ шығарудан бас тартты. Экологтар пластикалық құтыдағы судың өзін ішу денсаулыққа зиян дейді.

Әлемде жыл сайын 400 млн тоннаға дейін пластик өндірілсе, оның тек 10 пайызы ғана қайта өңделеді. Оның 12 пайызы өртеледі. Ал қалғаны қоқысқа кетеді. Пластик қалдықтарының 500 жыл бойы шірімейтінін ескерсек, одан табиғат пен қоршаға келер зиянын орасан. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің проблемасы.Ал Қазақстанда қоқыс тастау мәдениеті әлі дұрыс жолға қойылмаған. Әр қазақстандық жылына 42 келі платсикті қоқысқа тастайды. Ал оны қайта өңдеу, сұрыптап жинау жүйесі де жоқ.

Гүлнар Ережепова – «Jasyl Arystan» қорының басқарма төрағасы «Жыл сайын елімізде 5 миллион тоннаға дейін қоқыс тасталады. Оның 10-15 пайызын пластик қалдықтары құрайды. Бұл әр қазақстандыққа орташа алғанда 42 кг пластиктен келеді»

Экологтар пластик қоқысынан қорғану үшін оны терең зерттемек.  Тұрғындарды пластик қалдықтарды қоқысқа тастау мәдениетіне үндеп, пластик қалдықтарын тиімді пайдалану мен утилизациялау, ол үшін қажетті инфрақұрылым құру мәселесін назарға алып, халықаралық тәжірибені зерттеп, ұсынбақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.