Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПИЯЗ НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ?

c 10:12, 08/02/2023 c 95

0:00 / 0:00

Көпшілікті алаңдатқан пияздың бағасы да шарықтап шыға келуі мүмкін деген болжам өкінішке орай шындыққа жанасып отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевтің айтуынша, пияздың өсуіне сыртқы сұраныс әсер етті. Ал премьер-министр Әлихан Смайылов бұл қымбатшылыққа әкімдерді кінәлады. Үкімет басшысы әкімдерге алдын ала келісімшарт жасауға тапсырма берілген болатын. Бірақ олар бірнеше рет пияз жеткілікті деп айтқан деп сынады. Әлеуметтік желі қолданушылар пияздың бағасы екі есеге өскенін жарыса жазуда. Ең қымбат пияз Пауладарда келісі 500 теңгеден сатылып жатқан көрінеді.

Азық-түлік түрінің қымбаттамағаны жоқ. Өзімізде өнімі артып жетілетін пияздың өзі шарықтап шыға келді. Көршілес Ресей мен Өзбекстанда пияз тапшылығы орын алып, қазақстандық өнімге сұраныс өсті. Әрине өндіруші жоғары бағамен өнімін экспорттауға мүдделі. Бұл ел ішіндегі пияз бағасына кері әсерін тигізбеуі үшін үкімет пиязды сыртқа тасымалдауға шектеу қойған болатын. Бірқа соның өзі нәтиже бермей отыр. Үкімет отырысында премьер-министр пияз бағасының қымбаттауына әкімдерді кіналады.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ –ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ "Онда пияз неге қымбаттап жатыр? Бізде пияз көп өседі. Алайда бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Біз бірінші кезекте өнім өндірушілерді форвардтық сатып алу механизмдерін қайта қарадық. Алайда әкімдер жеткізушілерге қаржы бөлуді доғармай отыр. Өкінішке қарай, ол делдалдарды көбейткеннен басқа нәтиже беріп жатқан жоқ"

Ал ауыл шаруашылық министрі болса, бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті. Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқуда. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190 - 210 теңге болды деп ақталды. Қарашөкеев алдағы екі айда баға тұрақталады деп сендірді.

Қарашөкеевтің мәліметінше, өткен жылы 1,5 миллион тонна пияз өндірілсе, оның 1 миллион 100 мыңы тек Жамбыл облысында өндірілген. Өз кезегінде үкімет басшысы Смайылов әкімдер мен министрлерге биыл инфляцияның деңгейін 9,5 проценттен асырмау қажеттігін жіті тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.