Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ АЗ

c 10:19, 06/09/2021 c 788

0:00 / 0:00

Қазақстандық мектептердегі педагог-психологтардың жалақысы тым аз. 70 мың теңге айлық алып отырған психолог мектептегі 3 мыңға жуық баламен жұмыс істеуге мәжбүр. Ал панедмия кезінде оқушылардың психологиялық жағдайына ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселеде кәсіби педагог-психологтардың қолдауынсыз жұмыс істеу мүмкін емес дейді сенатор Дана Нұржігіт. Депутат Білім министріне жолдаған сауалында мектеп психологтарының біліктілігін арттыруды, психологтарды тиісті курстардан өткізу, олардың жалақысын арттыру мәселесін алға тартты.

Өкінішке орай балаларға зорлық-зомбылық көрсету өршіп тұр. Көп жағдайда отбасында және мектепте психологиялық қысым көреді. БҰҰ жүргізген зерттеу көрсеткендей, Қазақстандағы балалардың 79 пайызы сәби күнінен бастап кемсіту мен қорлыққа тап болған. Телефонға тәуелділіктің салдары балалардың кибербуллинг құрбаны болып жатқанын көрсетеді. Әлеуметтік желіде педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Өз-өзіне қол салу оқиғасы да осыдан орын алады. Бүгінде 21 елде ғаламторлық қысымнан қорғайтын заң  бар. Өкінішке орай біздің елде  кибербуллинг құрбандарының  статистикасы да жүргізілмейді. Өткен жылы ғана кибербуллинг және өзге зорлық түрлерінен қорғаудың қазақстандық бағдарламасы бекітіледі. Ал пандемия кезінде балалардың психологяилық жағдайына ерекше назар аудару қажет дейді депутат Нұржігіт. Алайда, мектептерде бала психологиясымен жұмыс істейтін педагогтардың айлығы 70 мың теңгеден аспайды.Бір психолог мектептегі 3 мың баланы қамтуға мәжбүр.

Сенатор білім министрінен мектеп психологтарының біліктілігін арттырып,  материалдық жағдайын жақсартуды сұрады.

Қазір ел мектептердегі психологтардың жұмысын ұйымдастыру деңгейі және жұмыс сапасы әр өңірде әртүрлі. Бір сөзбен айтқанда, жүйе жоқ дейді депутат.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.