Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Педагог болу оңайға түспейді

c 18:05, 15/03/2021 c 410

0:00 / 0:00

Педагог мамандығын таңдаған түлектерге бұл мамандықты игеру оңайға түспейді. Білім министрлігі мұғалім мамандығына тек мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балын ұлғайтты. Бұған дейін 50 балл болса, енді қазір 75 балға дейін көтерілді. Ал депутаттар болса, пандемия барысында оқушылар дұрыс білім ала алмай отырғанда, Аймағамбетовтің бұл шешімін асығыстық деп бағалап отыр. Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Аймағамбетов ведомствоның 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға қойылған міндеттері туралы баяндаған еді.

Білім және ғылым минситрлігінің онлайн алқа мәжілісінде жиынға қатысушылардың бет-бейнесін анық көру мүмкін болмады. Министр Аймағамбетовтің алға қойған мақсаттары жайындағы баяндамасын слайд арқылы ғана бақылауға тура келді. Сонымен білім министрі педагогтерге жағдай жасаймыз деген әңгімесін тағы қайталады. Президенттің тапсырмасы аясында 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Бұл  мектептерді кадрлармен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді ол.Сондай-ақ, енді педагогтерді жұмысқа конкурс арқылы қабыладйтын болады.  Жас мұғалім жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігіне қарай сертификаттаудан өтеді. Яғни жалғыз диплом жұмысқа кіруге кепілдік бола алмайды. Квалификация алу міндеті қойылып отыр. Аймағамбетов педагогтердің сапасын көтеру үшін, осы мамандықты игерем дейтіндерге талапты күшейтеміз дейді. Тіпті, мұғалім болуды армандаған түлектерге ҰБТ тапсыруды шекті балл жоғары болады дейді білім министрі.

Әрине министрліктің бұл шешімі мұғалім мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді. Мәжіліс депутат Ирина Смирнова педагог мәртебесін көтеру үшін бұл қадамды қолдайды. Бірақ дәл пандемия кезіндегі бұл асығыстық қабылданған шара деп отыр. Себебі, биыл ҰБТ тапсыратын түлектер қашықта отырып дұрыс білім алған жоқ. Сондықтан педагог мамандығын таңдағандар шекті 75 балдан да сүрінуі мүмкін дейді ол.

Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Біз тиымдар, кедергілерді көп жасаймыз. Бірақ кейді мұндай қатаң талаптар пайдалы да болмай жатады.Бала 75 шекті балды алмаса өтпей қалады. Мүмкін ол бала болашақта мықты педагог бола алатын шығар. Түлектер тиісті білім алуы үшін білім саласында ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс. Жалпы білім министрлігі өз бетінше шешім қабылдай береді.Қоғаммен кеңесуді білмеді».

Алқа отырысында мәлім болғандай,  2023 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңімен көшу көзделіп отыр. Сондай-ақ, алдағы екі жылда латын әліпбиін енгізу жоспары да бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.