Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

c 09:41, 02/12/2022 c 1852

0:00 / 0:00

30 градус аязда жылусыз қалған Екібастұз қаласындағы апатқа кім кінәлі? Үкімет арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізіп жатыр. Тіпті Екібастұз ЖЭО мемлекетке қайтарып алу мәселесі талқылануда. Ал халқының қамын жасай алмаған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов отставкаға кетті. Өз кезегінде сенаторлар үкіметтен еліміздегі барлық Жылу электр орталықтарына тексеру жүргізуді талап етті.

Бір қаланы жылусыз қалдырғандар жауапқа тартылады. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Екібастұз қаласына сапарында айтты. Ендігі, Ақорда Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақовтың отставкаға кеткенін хабарлап жатыр. Яғни таяқтың бір шеті әкімге тиді. Әзірге Павлодар облысын Олег Крук уақытша басқаратын болады. Крук мырза бұған дейін Ысқақовтың бірінші орынбасары болғанды. Осылайша -30 градус аязда халқын жылусыз қалдырған әкім жылы орнымен қоштасты. Ал Екібастұз Жылу Электр орталығындағы апатқа жауапты меншік иесі Александр Клебановты қандай жауапкершілік күтіп тұр?

Өздеріңізге мәлім, үкімет қазір бұл ЖЭО мемлекет меншігіне қайтаруды қарастырып жатыр. Ол үшін олигарх Клебанов барлық шығынды өтеуі тиіс деген еді мәжіліс депутаттары. Ал сенатордар үкімет басшысынан Екібастұз, Петропавл, Риддер және Степногорск қалаларындағы жылу электр орталықтарындағы апаттарға байланысты оқиғалардың орын алуы, бұған дейінгі ескертулерді назарға алмағаннан болды деп отыр. Әрине бұл орайда үкіметтің де тікелей кінәсі бар дейді сенат депутаты Алтынбек Нухұлы. Еліміздегі жылу беру станцияларының 76 пайызы жарты ғасыр бұрын салынған.

Сенаторлар үкіметтен жылумен жабдықтау саласында тиімді мемлекеттік саясат қалыптастыруды, орталықтандырылған жылумен жабдықтау нарығы субъектілерінің өзара қарым-қатынасын, жылу энергетикалық бақылау мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін салалық заң қабылдауды талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.