Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ПАРЛАМЕНТТІК ТЕРГЕУ ҚАЖЕТ»

c 14:05, 23/09/2023 c 44

0:00 / 0:00

Ақжолдықтар парламенттік тергеу құзыретін енгізуді ұсынды. «Ақ жол” партиясы “Парламенттік тергеу туралы” заң жобасын әзірлеп, Үкіметке сараптамаға жіберді. Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында мәлімдеді.

Ақжолдық депутаттар үкіметтен парламенттік тергеу құзыретін енгізуді талап етті. 2016 жылы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы да «Парламенттік тергеу туралы» үлгілік заңын қабылдаған. Алайда, бізде бұл мәселе әлі кенжелеп тұр. Депутат Азат Перуашев Заңсыз шығарылған капиталды қайтару туралы заң жобасы Мәжілісте қаралғанда, парламенттік тергеу функциясының қажет екеніне тағы да көзіміз жетті дейді. Алайда, үкімет «Ақ жол» партиясының мұндай ұсыныстарын қолдамай келеді. Мысалы, «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын 2013 және 2020 жылдары ұсынғанда да министрлер кабинетін қолдау көрсетпеген.

Перуашевтің айтуынша дамыған елдерде, тіпті көрші Ресей мен Өзбекстанда парламенттеріне тергеу құзыреті берілген. Парламенттік тергеуді Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания кеңінен қолданады. Ақжолдықтар “Парламенттік тергеу туралы” заң жобасын әзірлеп, Үкіметке сараптамаға жіберді.

Капиталдың қайтарылуы, қоғам мен экономиканың де-олигархизациясы дәл осындай тақырыптарда парламенттік тергеу қажет болады. Сондықтан, ақжолдықтар жоғарыда аталған функцияларды депутаттық тергеу комиссиясына тапсыруды ұсынды. Ал оның құрамына депутаттардың өздерінен басқа қоғам және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері кіре алады дейді мәжілісмен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.