Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨЗ ЖЕРІНЕ ИЕЛІК ЕТЕ АЛМАЙ ОТЫР

c 09:51, 18/08/2021 c 577

0:00 / 0:00

Елордалықтар өз жеріне иелік ете алмай отыр. Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы жекеменшік сектордан жер телімін сатып алғандар, үйінің құрылысын бастай алмауда. Себебі, әкімдіктен бұл жерлерге үй салуға болмайды деген хат келген. 15 жердің иесі бүгін қала әкімдігінің алдына келіп, шахар басшылығынан жауап талап етті. Жер иелері бұған дейін әкімдіктен келген хатта мардымды жауап жоқ дейді.

Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы Е 111 көшесінен жер алып, зәулім үй салуды жоспарлаған бұл азаматтардың арманы аяқсыз қалып отыр. Мамыр айынан бері, қып-қызыл ақшасына сатып алған өз жеріне үй сала алмай мазалары кетті. Қуанышқали Жұмақұл 10 сотық жерін 23 млн теңгеге астып алыпты. Үйінің іргетасын құйып, құрылыс материалдарын алып, үй салатын құрылысшыларын әкеліп, сайланып жатқан жерінде жергілікті әкімдіктен бұл жерге үй салуға болмайды деген тиым түскен. Кейбіреулері тірті үйдің қабырғасын көтеріп қойған. Қолында жер телімін сатып алғанын растайтын барлық құжат бар. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің бұл жерге өз жоспары бар көрінеді.

Үш айдан бері әкімдіктен нақты жауап ала алмай шаршаған тұрғындар, Президент әкімшілігіне де жаздық деп отыр. Бірақ міз бағатын әкімдік жоқ дейді. Не жер иелеріне өтемақы береміз, не басқа жерден жер береміз деген уәде де жоқ. Қазір бұл жерлердің құны 40 миллион теңгеден басталады дейді тұрғындар.

Айта кету керек, бұл азаматтардың арасында пәтерін сатып, жер үй салмақшы болғандар да бар. Ал үйінің құрылысы біткенше  пәтер жалдап тұрып жатыр. Миллиондаған қаржыға сатып алған жерінен айырылып қаламыз ба деп уайымдаған олар, шахар басшысы отыратын ғимараттың алдына келіп, әкім Алтай Көлгіновтен нақты жауап талап етпекші болды. Бірақ, шағымын айта келген наразы топтың алдына әкім шықпады.Оның нөкерлері  шығып, әкімдіктің талабын орындауға тура келетінін айтты. Жерінен айырылғалы тұрған азаматтарға өтемақы нарықтық баға бойынша беріледі деген уәдемен шығарып салды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.