Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орынбасарлар жауапқа тартылады

c 16:50, 18/11/2019 c 459

0:00 / 0:00

Елімізде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 10 пайызға қымбаттады. Бұған азық-түлік нарығындағы әртүрлі сауда үстеме бағалары бар көптеген дистрибьютерлер және де тиімсіз делдалдар санының көп болуы, жеткізу шарттарының орындалмауы және сақтау арналарының жоқтығы себеп болып отыр дейді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар мамин азық-түліктің қымбаттауына жол берген ауыл шаруашылық, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін жауапкершілікке тартуды тапсырды.Үкімет отырысынна толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Жылдағы үрдіс. Азық-түлік бағасы шарықтады. Оны реттейтін құзырлы орган басшылары сөз естіп, арқы қарай жұмысын істеп жүре береді. Бағаға жауапты сауда және интеграция министрін тыңдасаңыз, азық-түліктің қымбаттауына тауар таситын ортадағы делдалдар, көрші елдерге экспорттың артуы әсер етіп отыр. Ал сол бағаның өсіп кетпеуіне жол берілмеу үшін не істеліп жатыр? Ас атасы-нан, жиі тұтынатын көкөністер мен күріш, қарақұмық,ет бағасы шарықтап кеткен. Айлығы  баға сияқты айлап өспейтін қара халық қымбатшылықтың қиындығын көреді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 10 пайызға өсті.

Ең жоғарыөсім Шымкент пен Қызылорда қалаларында байқалған. Қалған өңірлер де қалыс қалып отырған жоқ. Министрдің есебін тыңдаған үкімет басшысы  азық-түліктің қымбаттауына жол берген құзырлы министрліктің орынбасарлары мен барлық облыс әкімінің орынбасарларын жауапқа тартуды бұйырды.

Баға шарықтаса таяқтың шеті деген бірінші басшыға тимейді, неге орынбасарлар жазалануы керек?

Депутаттар болса үкіметтің бұл шешімі баға проблемасын шешпейді дейді. Бағаның тұрақтылығын реттейтін механизм жоқтың қасы.

Әзірге Үкімет ендігі шарықтап кеткен азық-түлік бағасы үшін орынбасарларды жазаламақшы. Ал қалтасы қағылып отырған халыққа кімнің сөгіс алып жатқаны қажет емес. Нақты бағамен күрес нәтижесін көргісі келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.