Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдың суға кету қаупі бар

c 16:42, 27/03/2018 c 1356

0:00 / 0:00

Орал қаласының маңындағы бірнеше шағынауданның суға кету қаупі бар. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Мұқаев мәлімдеп отыр. Осыған орай, бүгінде Орал таза қала мекемесінің қызметкерлері бүгінде қар күреу жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен. Бұған енді әскерилер де кірісіп, осылайша, 300ге тарта ерікті көлденеңнен болар төтенше жағдайдың алдын алуда.
Орал қаласының ескі бөлігі, Жұлдыз, Сарытау, 2-Рабочий, Курени, ПДП-2 аумақтарында суға кету қаупі басым. Шаһар басшысының айтуынша, бүгінде қаладан 240 мың текше метр қар шығарылған. Наурыздың ортасынан бастап 49 техника су сору жұмыстарына кірісіп кетіпті. Шаһардың барлық бөлігінде екі маусымда - күні-түні 60 жүк көлігі, 20 қар тиегіш техника жұмыс жасауда. Қар күреу жұмыстарына еріктілермен қатар әскерилер де жұмылдырылуда. 5517 әркери бөлімінің 20 сарбазы қала маңындағы Сарытау елді-мекеніндегі арықтарды аршып жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық қалалық коммуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қалалық әкімдік өкілдері тұрғын үйлердің шатырына қатып қалған мұз сүңгілерінен туатын қауіптің де мол екенін жасырмайды. Сол себептен. Қазір барлық пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатқан мұздақтарды алып тастауға міндеттеледі. Қала орталығындағы бірнеше үйлер бұл ұсынысты қолдап, сүңгілерден арнайы техникалардың көмегімен арылуда. Айта кетелік, бүгінде шатырда қатқан мұз сүңгілерін тазаламаудың соңы да әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.