Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық ару - Залата Вероника Ресейдегі сұлулық байқауында бақ сынамақ

c 18:21, 13/06/2018 c 783

0:00 / 0:00

Қазір бойжеткен Самара қаласындағы агенттіктердің бірімен келісім шарт жасап қойыпты. Естеріңізге сала кетейік, ол 2015-жылы "Орал аруы" тәжін киіп, "Қазақстан аруы" байқауының вице-мисі атанған болатын. Арна тілшілерімен кездескен Вероника өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

Вероника Залата осыдан 3 жыл бұрын сұлулық байқауларында бақ сынап, "Орал аруы" атанған болатын. Жас бойжеткеннің талпынысы қазылар алқасының көңілінен шығып, республикалық додаға жолдама алады. Ал "Қазақстан аруы- 2015" байқауында бірінші вице-мисс жүлдесін жеңіп шығады. Бұл уақытта Вероника Самарадағы университетке оқуға енді түскен болатын. Ал қазір ару бұрынғдан да жоғары деңгейдегі байқауларға қатысып, бақ сынауға бел байлап отыр.

Ресейдегі байқауларға қатысу үшін Залата Вероникаға барлық қадамдарынан жаңадан бастауға тура келмек. Елімізде сұлулығымен танылғанымен көрші мемлекеттегі байқауда онысы ескерілмейді. Қазір күллі әлем көз тіккелі отырған әлем чемпионатын бойжеткен де тағатсыздана күтіп жүргенін айтады.

Вероника болашақта осы салада үлкен жоспарлары барын, өзін үлкен сахнадан көрсеткісі келетінін айтқанымен оны құпия сақтауды жөн санайтынын атап өтті

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.