Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жолаушы тасымалдаушыларға субсидия қажет

c 19:11, 16/03/2018 c 865

0:00 / 0:00

Орал қаласында қоғамдық көліктердің жолақысы өскенімен қызмет сапасы бұрынғы қалпында қалып отыр. Жолаушы тасымалдаушылардың есебі бойынша оны жақсарту үшін жолақы 180 теңге болуы керек екен. Бұл тариф бағасын есептейтін арнайы әдіс бойынша есептелген көрсеткіш көрінеді. Алайда оған құзырлы мекеме жол бермек емес. Жолаушы көлігі және авто көлік жолдары бөлімі болса, биліктен шығыны көп әлеуметтік маңызды қоғамдық көліктерді демеуге арнайы субсидия бөлу туралы өтініш білдірген.

2016 жылға дейін Орал қаласында әлеуметтік маңызды 12 жолаушы көлігі тізімге енген. Олардың басым бөлігі саяжайларға қатынайды. Жолаушы тасымалын қолдауға жыл сайын 160 млн. теңге бөлініп отыру тиіс болатын. Бірақ бюджет тапшылығына байланысты былтыр 34 млн. ғана бөлінген. Ал биыл шатқаяқтаған 41 қоғамдық көлікті әлеуметтік маңызға ие деп тану сұралып отыр.

Демеу қаражаттың бөлінбеуі жолаушы тасымалдаушылардың қызмет сапасына әсерін тизгіп отыр дейді сала мамандары. Қоғамдық көліктер адам өмірі үшін қаншалықты қауіпсіз. Оның өзектілігі айқын. Қызмет сапасына қатысты жолаушылардың пікірі көңіл көншітпейді. Лас салон, дөрекі кондуктор мен ережені бұзып, адамға таласқан жүргізушілерден бастап арыздарын тізіп берді. Биылдан бастап жолаушы тасымалдаушылар өз авто парктерін жаңалауға міндеттеледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.