Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтуде

c 12:57, 15/03/2018 c 709

0:00 / 0:00

4 күнге созылатын кең ауқымды шараға Елбасымыздың биылғы жылғы жолдауы негіз болған. Оған қатысуға 300ге тарта баяндама ұсынылып, ғалымдар шет елдерден де ат терлетіп келіпті. Адами капиталдың тұрақты дамуының мәні мен мазмұнын дұрыс танымай, қоғамның дамуы мүмкін емес. Ғылыми конференцияға қатысушы жас ғалымдар осылай дейді. Ал даму процестерінің заңдылығын дұрыс түсіну арқылы біз заманауи әлеуметтік саясат тұжырымдамасының мүдделері, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларын әлеуметтік жоспарлау, еңбек қатынастарын реттеуді тиімді жүргізе аламыз. Конферернцияда талқыға түскен негізгі мәселе де осы. 14 секция бойынша жұмыс жасаған конфенцияда 300 баяндама қарастырылмақ. Техникалық ғылымдар, жаратылыыстану, экономика, әлеуметтік-гуманитарлық, мұнай-газ, ақпараттық, педогогикалық салалардың барлығы да бүгінгі ғылыми шарада қамтылды. Жас та болса, ғылымнан алар орны бар жас ғалымнан мұнда, Алматы, Мәскеу, Петербор, Саратов, Орынбор, Волгоград, Уфа, Элиста сынды шаһарлардан келіпті. Бұл – жергілікті ғалымдардың шетелдік ғылым өкілдерімен тәжірибе алмасуына сеп болмақ. 4 күнге созылатын шара соңында 18 халықаралық жас ғалымдар конференцисында үздік танылғандар салтанатты түрде марапатталмақ.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.