Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жаңа пилоттық жоба іске қосылмақ

c 17:42, 01/02/2018 c 794

Бір жетіден кейін шаһарымызда ұялы телефон арқылы жұмыс жасайтын электронды жоба іске қосылмақ. Яғни, барлық қала тұрғындары қалта телефондарының көмегімен облыс орталығында орын алып жатқан жаңалықтарды, мәдени көпшілік шаралар туралы ақпаратты лезде алатын мүмкіндікке ие болады. Бұл жобаның көмегімен ауа-райының өзгеруі, төтенше жағдай, жолдардың жабылуы мен күн суытқан кезде ата-аналарға сабақ процесінің болу немесе болмауына байланысты хабарламаны ала алады. Сонымен қатар, азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын әкімдік қызметкеріне жолдайтын мүмкіндікке ие болады. Пилотық жобаның атауы- "Сервис Орал". Электронды жоба Астана қаласынан кейін, біздің шаһарымызда өз жұмысын бастамақ. "Ақылды қала" кешенді жобасының аясында іске асып жатқан электронды бағдарламаның жасақтаушылары мен қалалық әкімдік қызметкерлері екі жақты меморандумға қол қойды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.