Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұрағат цифрлық форматқа көшіріледі

c 11:30, 09/01/2019 c 981

0:00 / 0:00

Төл тарихты түгендеу ісінде мұрағаттың алатын орны ерекше. Азаматтар атадан балаға мирас болып, елдің әл-ауқаты турасында сыр шертетін құжаттарды ерте заманнан бері ұқыптылықпен қарап, оны сақтау ісінде барын салған. Бүгінде көне жазбаларды заман талабына сай қылып, электронды форматқа көшіру ісі қолға алынды. Өткен жылы Елбасы "Ұлы даланың 7 қыры" деген мақаласында архив ісіне ерекше тоқталып, оны сандық форматқа көшіріп, дамыту үшін "Архив -2025" атты бағдарлама жасақтауға тапсырғанын білеміз. Көне тарихи құжаттарды сандық форматқа көшу ісінде қандай жаңашылдық бар?

Бүгінде Ақ жайық өлкесінің тарихы, түрлі жылдардағы экономикалық әл-ауқаты мен әлеуметтік тұрмысы төңірегінде хабар беретін құжаттардың саны өте көп. Түрлі жайт туралы баяндаған істерді сақтау мен оны өскелең ұрпаққа қалдыру ісі бүгінгі сала мамандарына жүктеліп отырған міндет.

Сондай-ақ, сала мамандары электронды оқу залы ұйымдастырылғанында тілге тиек етті. Бұл жаңашылдықты барлық электронды қолтаңбасы бар азаматтар қолдана алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.