Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді

c 17:48, 04/06/2018 c 1030

0:00 / 0:00

1992-жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде аталып өтіледі. Салтанатты шарада ұлттық гвардия сарбаздарымен тұңғыш президент алаңына жеткізілген көк байрағымыз жоғарыға көтерілді. Көк туымызды әлемдік додаларда биіктерден желбіретіп, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшылар мен қоғам тыныштығына үлесін қосқан жандарға марапат көрсетілді.

Жаңа алаңда орнатылған ҚР-ның туының көлемі 10 да 20 метр болады. Көк аспанда тербеле желбіреген байрақ патриоттық әндер әуеніне бөленген шараға қатысушыларға ерекше рух сыйлады. Шара концерттік бағдарламен жалғасын тапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.