Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда мектеп-интернаттың құрылысы 9 айдан бері қаңтарылып тұр

c 20:08, 27/06/2018 c 957

0:00 / 0:00

Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты салу жұмысы тоқтап тұрғанына бірнеше ай болған. Нысанға 1,5 млрд. теңге қаражат жұмсалуы тиіс болатын. Алайда құрылыс бірнеше жылдан бері аяқталар емес. Бұған не себеп?
Спорттық мектеп-интернат Деркөл кентінде орналасқан. Дарынды балаларға арналған нысан жоспар бойынша 2 жылда бой көтеруі тиіс болатын. Бірақ бірнеше айдан бері құрылыс қаңтарылып тоқтап тұр. Ғимараттың жанына футбол алаңы мен жүгіруге арналған жолақ жол салынады және аумақ көлемі 4,5 гектарды құрайды.

Құрылыс жұмысына 1,5 млрд теңге бағытталуы тиіс болатын. Алайда белгілі бір себептерге байланысты даулы мәселе туындап, қаражат бөлінуі бөгеліп отырған көрінеді. Қазіргі кезде дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың ғимараты жалға алынып отыр. Ал 150 орынға лайықталған жаңа нысан бюджет қаражатын үнемдеуге сеп болады және мектепте барлық қолайлы жағдай қарастырылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.