Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның 3 жағдайы тіркелген

c 17:35, 19/07/2018 c 644

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Бүгін БАҚ өкілдері алдында қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов атқарылған жұмыстар мен аймақтағы ахуал жөнінде мәлімдеді.

Облыс бойынша ауыз су сапасын микробиологиялық көрсеткіштерге зерттеу үшін су құбырынан 928 сынама алынып тексерілсе, оның ішінде 22 сынама талапқа сәйкес емесі анықталған. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бруцеллез аурулары 23,3%- ға, тағамнан уланулар 18,3 ретке төмендеген. Тағам өнімдерін шығаратын нысандарды тексеру кезінде микробиологиялық зерттеудің 18 сынамасынан сәйкессіздік анықталған. . Осы әйкессіздікке байланысты 1 млн.394 мың теңге шамасында айыппұл салыныпты. Жұқпалы аурулардың таралу қаупін тудыратын 33 адам жұмыстан аластатылған.

Биыл Зеленов ауданы мен Орал қаласында бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның 3 жағдайы тіркелген. Облыста өзекті мәселелердің бірі ата - аналардың вакцинацияға қарсылық білдіруі дейді ақ халаттылар. Қазіргі таңда 1072 баланың ата-анасы екпеден бас тартып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.