Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Орал" халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы атанған Жанат Сайынды қарсы алды

c 00:00, 18/05/2015 c 683

0:00 / 0:00

Тайландта өткен чемпионатта 16 жасар жасөспірім дүние жүзіне ойының ұшқырлығымен танылып, Қазақстанның көк байрағын желбіретіп қайтып отыр. Әлем чемпинымен біздің арнаның түсірілім тобы жүздесіп, біраз тілдесіп қайтты. Жанат Сайынды әуежайдан спорт мектебінің ұжымы қарсы алды. Ата-анасының да қуаныштан жүздері бал-бұл жайнап жүр. Әсіресе әу бастан-ақ ұлының әлемді мойындата алатынына сенген анасының көңіл-күйі ерекше. Жарыс Тайландта өткен болатын. Қарсыластарының ешқайсысына дес бермеген Жанат соңғы сынақта ғана біраз бөгеледі. Филипиндік шахматшымен бір-бірімен табан тіресе отырып, ақыры жеңіске жетеді. 7 жасынан бастап Жанат Сайын ағасына еліктеп жүріп, осы ойынға құмартқан екен. Бапкері Валерий Мин "Ұстаздан шәкірт озар" деген міне осындай болмақ деп мақтанады. Ақылмен ғана жеңіске жететін ойында 16 жасар Жанат Сайын Қазақтанның қоржынын тағы бір алтын жүлдемен толықтырды. Әлемдік деңгейдегі сайыста қазақстандық команда 4-ші орынды иеленіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.