Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500 тонна дәруменді өнім жиналды

c 10:36, 05/04/2018 c 783

0:00 / 0:00

Былтыр Орал қаласында жылыжай кешендерінен 140 тонна көкөніс алыныпты. Бірақ бұл облыс қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды дейді мамандар. Соның салдарынан сырттан келген өнімді тұтынуға мәжбүрміз. Жағдайды өзгертудің бір ғана жолы бар. Ол - жылыжай кешендерін дамытып, аумағын арттыру.

Бұл жылыжайдың жұмысы 2 жыл бұрын басталған болатын. Әзірге қаладағы көкөніс өсіруші ең үлкен кешеннің аумағы 1 гектар 30 сотакты құрайды. Қызанақ пен қияр өсірілетін жылыжай ішінде 20 градустан астам жылы температура сақталған. Қиярдың әр түбінен күн ара 2 келі, қызанақтан дақыл айналымында әр түптен 4 келі өнім алынып отырады.

Орал қаласында 9 шаруа қожалығында 2017 жылы 1750 шаршы метрді құрайтын көкөніс жылыжайы жұмыс жасаған. Ал биыл 228 шаршы метрге дейін кешендер аумағы ұлғайған. Бірінші және екінші дақыл айналымынан былтыр 140 тонна өнім алыныпты.

Қалада бұдан бөлек, жалпы сомасы 5 млрд. теңгені құрайтын аумағы 5 гектар 2 жоба  дайындалып жатыр. Облыста бүгінде аумағы 60 мың шаршы метр болатын 90 жылыжай бар. Жылына олардан 500 тонна дәруменді өнім алынып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.