Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында жас жол инспекторларының слеты болып өтті

c 16:15, 14/05/2018 c 931

0:00 / 0:00

Слетке облыс бойынша 10 мектептен шыққан команда қатысқан болатын. Өз білім ордаларында үздік деп танылғандар жол ережесіне қатысты білік-дағдыларын көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Ал жеңімпаздар Қызылорда облысында өтетін республикалық слетке жолданатын болады.

Оқушылар арасындағы слет дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты - балалардың қатысымен болатын жол-көлік апаттарының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әр команда 10 оқушыдан құралған. Балалар өз білік-дағдыларын ән, бимен өрнектеп, ерекше әдіспен жеткізе білді.

Бұл облыстық деңгейдегі шараға қаланың екі мектебі мен аудандардан келген білім ордаларының шәкірттері қатысып отыр. Олар өз қатарластары сапында үздік деп танылғандар. Слет білім басқармасы мен ішкі істер органының бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.