Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында мал қорымының құрылысы аяқталды

c 18:52, 09/02/2018 c 856

0:00 / 0:00

Круглоозерный кентіндегі ескі мал қорымынан шығатын жағымсыз иіс пен түтін тұрғындардың мазасын кетіріп болды. Бұл өзекті жайт бірнеше рет кездесулерде көтерілген болатын. Күн тәртібіне ілінген аталмыш мәселе бүгінде шешімін тауып отыр. Бюджеттен 37 млн. теңге қаражат бөлініп, салынған жаңа мал қорымының құрылысы аяқталды. Мал қорымы Саратов тас жолынан 15 шақырым жерде орналасқан. Типтік деңгейдегі қорымда өлекселерді өртейтін 4 шұңқыр қазылған. Жалпы аумағы 1 гектар. Мал қормында қала аумағында ауланған бұралқы ит мысықтардың да өлекселері өртелетін болады. Бұл жұмысты ветеринария бөлімі мамандары атқарады.

Ал жануарларды қорғаушылар ветеринарлардың бұл жұмысына үзілді-кесілді қарсы шығып отыр. Еріктілерді үй жануарларын қорғау үшін арнайы орын жай ашып, емдеп, тамақтандарып жүр. Бірақ бұл жұмысты атқаруда қаражаттың жетіспеуі қиындық туғызуда. Бүгінде қалада бұралқы иттерге арналған орын ашу мәселесі де қаралып жатырған көрінеді. Оның жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға қаржы бөлу қарастырылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.