Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында кәріз құдықтарын бақылаудың жаңа жүйесі енгізілмек

c 18:09, 14/02/2018 c 1130

0:00 / 0:00

Жаңашылдық бойынша жазатайым жайттардың алдын алып, ұрлық-қарлықтың да жолын кесуге болады дейді мамандар. Өйткені қалада құдықтардың қақпақтары жиі қолды болатын көрінеді. Жүйе бойынша әр құдыққа қондырғы қосылып, оған қол тигізіп ашпақ болғанда дабыл қағылады. Бірақ әзірге бұл жүйе жөнінде толық ақпарат берілмей отыр.

Мәселен, "Батыс су арнасы" ЖШС-не тиесілі қаламызда 9 мыңнан астам құдық бар екен. Мамандардың айтуынша, құдықтардың шойын қақпағын ұрлап дәніккендер көп. Себебі оңай пайдаға кенелгісі келгендер қақпақтарды әр күн сайын дерлік металл қабылдайтын орындарға тапсырады екен. Мұны байқамаған адамдар ашық құдыққа құлап, мертіккен сәттер де болған.
Облыс орталығында 200-ден астам кәріз құдығының шойын қақпағы жоғалып, жаңадан 300ден астам люк сатып алынған. Сала мамандары кәріз құдықтарын мүлдем жауып тастай алмайтындарын айтады. Өйткені жер асты апаттары бола қалса, жүргізілген желіге осы құдықтар арқылы жол тауып, жөндеуге болады.

Әр люк құдықтың бағасы шамамен 18000 теңгені құрайды. Қалада металл ұрлау бойынша 60 факті тіркелген. Сондай-ақ рұқсатсыз металл қабылдаған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 10 тұлға айыппұлға тартылған болатын.

"Ақылды қала" бағдарламасы бойынша орнатылатын қондырғы коммуналдық кәсіпорынның шығынын қысқартпақ. Құдықтарды күтіп ұстау су таратушылар үшін аса зор маңызға ие. Кәріз құбырларына орнатылған қондырғы ұрлықшының жолын кесіп, бөтен адам қақпақты ашпақ болғанда дабыл қағып, кәсіпорынды оның жәй-күйінен әрдайым хабардар қылып отырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.