Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында біріктірілген балабақша кезегі пайда болмақ

c 18:26, 05/02/2018 c 998

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде білім бөлімінің басшысы мәлімдеді. Жалпы шаһарымызда 50 шақты мектепке дейінгі мекеме болса, осы күнге дейін ата-аналар өздері таңдаған балабақша тізімінде ғана тұрып, әр қайсысын жеке қарап отырудан басқа мүмкіндік болмаған еді. Енді сол тізімнің барлығы бір жүйеге енгізіліп, автоматтандырылған таңдау орнатылғалы отыр.

Егер мекен-жайыңыз ауысып кетсе, балаңызды кезекте тұрған балабақшасынан жаңадан ашылған сайттың көмегімен басқа бөбекжайға ауыстыру мүмкіндігі бар. Тек ол үшін ата-ана белсенді түрде сайттағы бос орындардарды бақылап отыруы керек. Айта кетейік, бұрын да электронды кезек болған-тұғын, бірақ ол кезекте автоматтандыру жүйесі және өзге де мүмкіндіктер оңтайлы қызметтер жоқ болатын. Яғни ата-ана өзге мекен-жайға көшсе, баласын қайтадан жаңа кезекке орнатуға мәжбүр болатын.

Жаңа автоматтандырылған жүйедегі сайтты енгізуге 15 млн. теңгедей қаражат бөлінген. Мектепке дейінгі мекемеге кезек рәсімдеу үшін арнайы сайтта тіркелуі тиіс. Енді ата-аналар ғаламатор арқылы сайттағы кезекті бақылап отыра алады. Ал өтініш беруге баланың жеке сәйкестендіру нөмірі болса жетклікті. Ақпан айының ортасына дейін қалған бөбекжайлар жүйеге толықтай енгізілуі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.