Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында "Барыс" жобасы бойынша 10-шы кеменің құрылысы жүруде

c 18:04, 25/07/2018 c 1586

0:00 / 0:00

Жұмысты елге осы саладағы еңбегімен танылған "Зенит-Орал" зауыты атқарып отыр. Әскери теңіз флоты күні қарсаңында арна тілшілері шекара қызметіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырған Отандық кеме құрастырушылардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

"Зенит-Орал" зауыты әскери тапсырыстарды абыроймен орындап келеді. Елімізде шекара қызметіне аттанып, теңіз қарақшыларына қарсы күресте жұмысында оралдық кемелер қызмет етіп жүр. Тапсырыстардың көбі әскери-теңіз флотымен байланысты. Зауыт басшылығы әр жоба тапсырыс беруші талап-тілегіне сай болуын қадағалап, келіссөздер жүргізіп отырады. Зауытта 900-ден астам адам еңбек етеді. Өндіріс ошағындағы әр маман су көліктерін жасауға өз үлесін қосып, кеменің құрылысына жауапты болып саналады.

Бүгінде "Барыс" жобасымен жаңа кеме құрастырылып жатыр. Ол күрделі навигациялық құрылғымен, артилерриялық құралдармен жабдықталған. Экипаж 23 орындық. Кеменің ұзындығы- 42 метр, жоғары жылдамдыққа ие. Алда өндірісті жаңғырту жоспары тұр. Сыйымдылығы 600 тонна болатын кеме дайындауға мүмкіндігі бар цехтар қазір қаңырап бос қалған. Зауыт сол цехтарды жандандырғысы келеді. Аталмыш мәселе үкіметтік деңгейде көтерілген болатын. Сондықтан болашақта Отандық өндіріске тапсырыстар мен мемлекеттік демеулер болады деген үміт зор.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.