Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 103 жастағы ҰОС ардагерін оркестрмен құттықтады

c 17:15, 10/05/2018 c 832

0:00 / 0:00

Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! Орал қаласында Ұлы Жеңіс мерекесі кең көлемде аталып өтті. Бұл күннің басты кейіпкерлері - қатары күн санап сирей бастаған ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күнінде айрықша құрмет көрсетілді. Бір ғасырдан аса ғұмыр кешкен ардагер-жауынгер Семен Акимович Данилиннің үйіне әскери бөлім мен әкімдік қызметкерлері арнайы құттықтай барып, тосын сый жасады.

Әкімдік қызметкерлері мен Ұлттық гвардия өкілдері қарт жауынгерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтау үшін арнайы келді. Қонақтарды қарсы алуға аулаға шыққан ардагер тосын сыйға бөленді. Көп қабатты тұрғын үй ауласында ойнаған оркестр ҰОС соғысы жылдарындағы әндерді шырқады. БҚО әкімі мен ҚР Ұлттық гвардия қолбасшылығы атынан ардагерге мерекелік сый-сыяпат тарту етті.

Отты жылдардың куәгері болған ақсақал Жеңіске жетуде сарбаздардың бойындағы батылдық пен Отансүйгіштіктің өлшеусіз күш болғанын айтады. Ардагер жастарды партиот болуға шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.