Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨНДІРІСТІК  НЫСАНДАРДА 14 АПАТ ОРЫН АЛДЫ

c 10:02, 23/08/2021 c 760

0:00 / 0:00

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері өнеркәсіптік қауіпсіздік сақталмай отырғанын айтады. Ағымдағы  жылы ұйымдарға жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша, 18 640 объект қамтылды. Тексеру қорытындысында 17 588 заңға қайшы олқылық анықталды. Кемшілік анықталған кәсіпорындарда тексеру қорытындысы бойынша жедел ден қою шараларын қабылданып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалған. 100 млн теңгеден астам соманың 747 әкімшілік айыппұлы салынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзу арқылы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген 280 объект анықталып, жұмысын тоқтатты.

Еңбек министрлігінің дерегіне сүйенсек, биыл жазатайым оқиғаның салдарынан 564 адам зардап шекті. Олар тау-кен, металлургия кәсіпорындарында, құрылыс саласында және коммуналдық шаруашылықтарда жарақат алғандар. Өткен жылы кәсіпорындарда зерттелген 1,6 миллион жұмысшының 367 мыңы зиянды еңбек орнында жұмыс істеген. Ал төтенше жағдайлар министрлігі жүргізген тексерулер нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сақталмай отырғаны анықталды. Өндіріс саласында еңбек етіп жатқан жұмысшылардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жағдайлар көп. Биыл өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 280 нысанның жұмысы тоқтатылды. 18 640 нысанға тексеру жүргізіліп, 17 588 заңға қайшы олқылық анықталды.

НЫҒМЕДЖАН МАҚАЖАНОВ – ҚР ТЖМ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «100 млн теңгеден астам соманың 747 әкімшілік айыппұлы салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін инспекторлар 268 объектіні және 4 субъектіні тоқтатты»

14 өндірістің орында апат орын алып, 6 адам зардап шекті, оның ішінде 1 жұмыскер қайтыс болды.

НЫҒМЕДЖАН МАҚАЖАНОВ – ҚР ТЖМ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Қауіпті өндірістік объектілерде 14 авария және 187 инцидент тіркелді. Қадағалаудың салалары мен түрлері бойынша авариялардың басым бөлігі көмір, металлургия, мұнай-газ, газ шаруашылығы объектілерінде және көтергіш құрылыстарды пайдаланатын объектілерде болды. Апат салдарынан барлығы 6 адам зардап шегіп, оның 1 адам қайтыс болды»

Биыл «Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» , Заң күшіне енді. Осы құжатқа сәйкес, өндірістік бақылау  жұмысы күшейтілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.