Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқушылар мектепке орала ма?

c 10:01, 31/05/2021 c 318

0:00 / 0:00

Еліміздің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов  алдағы жаңа оқу жылында оқушылар мекептке оралады деген үмітте. Министр бұған қол жеткізу үшін ковидке қарсы екпе алу қажет дейді. Елдегі эпиджағдай түзелсе,  мектептің есігі ашылады. Бүгін білім министрі халық алдында берген есебінде бірқатар сұрақтарға жауап берген еді.

Елдегі індеттің таралуынан  оқушылар үшін мектептердің есігі жабылған еді. Бір жарым жыл бойы қашықтан оқыған балалардың білім сапасы да төмендеді. Білім министрінің есеп беруі  барысында ата-аналарды мазалаған басты сұрақ осы болды.   "Келесі оқу жылында оқу қалай ұйымдастырылады?  Алдағы жаңа оқу жылында оқушылар мектепке орала ма? Балары енді мектепке баратын ата-аналар биыл да, мектеп қашықтан оқытан болса, баласын 6 жастан емес, жеті жастан бергенім жөн болар деп екіойлы болып отыр. Көкейдегі бұл күмәнді министр де сейітле алмады. Бір елдегі эпиджағдайға байланысты.

Асхат Аймағамбетов – ҚР БҒМ "Ең алдымен бұл өзімізге, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакциналап, санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, келесі оқу жылында, қыркүйекте білім ұйымдарын, ең бастысы мектептерді ашуға мүмкіндік бар деп санаймын. Оқушылар да, мұғалімдер де өз мектебін сағынды. Вакциналау қарқыны мен індетке қарсы шаралар келесі оқу жылында дәстүрлі форматқа ораламыз деп үміттенуге негіз береді"

Бұл мәселе жоғарғы оқу орындарының студенттеріне де қатысты болып отыр. Бір жыл бойы студент атанса да, университет қабырғасын көрмегендер бар. Қашықта оқып жатқан студенттер , жаңа оқу жылында  вакцина салдырған жағдайда университетке оралуы мүмкін.

Карантин  кезінде қашықтан оқытуды меңгеріп алған еліміздің білім саласы, пандемиядан кейін де үйден оқыту форматын дамыта бермек.

Асхат Аймағамбетов – ҚР БҒМ «Пандемиядан кейін де кей пәндер бойынша қашықтан оқытудың бірнеше жолы талқыланып жатыр. Тамыз конференциясына дейін нақты шешім әзірлеп, хабарлайтын боламыз. Көбін үйден оқыту қызықтырып отыр»

Сондай—ақ, министр мектеп дәретханаларына қатысты мәселеге тоқталды. Ауылды жерлердегі мектептерде жылы дәретхана салу Президенттің жеке тапсырмасы болатын.  Осыдан 1 жыл бұрын ған елімізде далада орналасқан 1 700 дәретхана болған еді. Бір жылдың ішінде 1 600 жылы дәретхана салынды . Дегенмен,  әлі 100 мектептің дәретханасына қатысты проблема қалып отыр дейді ол. Күзге едйін бұл мәселе толық ешшіледі деп сендірді Аймағамбетов. Еске сала кетейік мектеп дәретханаларын ретке келтіру 2019 жылы Тараз мектебіндегі сұмдық оқиғадан соң қолға алынды. Дәіртеханаға сұранып шыққан 7 сынып оқушысын педофил  зорлаған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.