Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕП ФОРМАСЫН КИЮ МІНДЕТТІ МЕ?

c 17:33, 04/08/2021 c 1013

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов оқушылар мен ата-аналарды толғандырған мектеп формасы төңірегіндегі сауалға нүкте қойды. Еліміздің бас педагогы өзінің Фейзбуктегі парақшасында жаңа оқу жылында мектеп формасы міндетті емес деп, оқушыларға классикалық киім киюге рұқсат берді. Бұрындары барлық қазақстандық оқушыларға ата-аналар комитеті бекіткен форманы кию шарт еді. Министр бұл шешімнің эпидемиологиялық жағдаймен және кейбір отбасылардың экономикалық тұрғыда зардап шегіп отыруымен байланысты қабылданғанын жазады. Бұған дейін ведомство өкілдері оқушылар дәстүрлі форматта білім алса мектеп формасын киюі керек деп мәлімдегені есімізде.

Сурет https://martebe.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.